2026 жылдың 6–8 сәуір аралығында колледждің оқу-өндірістік аймағында дәстүрлі WorldSkills JKK – 2026 байқауы өтуде. Байқауға колледж білім алушылары қатысып, кәсіби шеберліктерін дәлелдейді.
Биылғы байқауда 4 құзыреттілік бойынша бақ сынайды:
1. Жеңіл көлікке қызмет көрсету және жөндеу – автомобильдерді диагностикадан өткізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау.
2. Шанақ жөндеу – автокөлік шанақтарын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын кәсіби деңгейде орындау.
3. Автокөлікті бояу – бояу жұмыстарын сапалы және дәл орындау, заманауи материалдармен жұмыс істеу дағдыларын көрсету.
4. Жүк көлігіне қызмет көрсету – жүк көліктерін техникалық тексеру, жөндеу және тиімді қызмет көрсету әдістерін қолдану.
Байқау білім алушыларға кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе жинақтау және жаңа дағдыларды меңгеру мүмкіндігін береді. Әрбір қатысушыға сәттілік тілейміз!