«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дебат өткізілді.
🎤 Дебат барысында білім алушылар заң мен құқықтың қоғамдағы маңызы, азаматтық жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және өз құқықтары мен міндеттерін білу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
📚 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды құрметтеуге және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
✨ Заңды білу – өз құқығыңды қорғау ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігіңді сезіну!