Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде «Еңбек күні» мерекесіне орай «Адал еңбек – абыройлы жол» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Ұлттық құндылықтар академиясы РҚБ Шымкент қалалық филиалының басшысы Коздибаева Абила Коздибаевна және Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Турбаев Қалдыбек Әзімханұлы қатысты.
Кездесу барысында адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, еңбекқорлық пен жауапкершілік, жастарға бағыт-бағдар беру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды.
💙 Еңбек — ел дамуының негізі, ал адал еңбек — абыройлы өмірдің бастауы!