Колледжімізде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 1–2 курс білім алушыларының қатысуымен колледж директоры Берік Ешимов және Тұран АПБ өкілі Абдрайм Әлиасқар Садитұлының кездесуі өтті.
Кездесу барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін ұстану, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, есірткі тасымалдау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, алаяқтық әрекеттерден сақтану және бөтеннің мүлкіне жауапкершілікпен қарау мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды. Жастарды заңды құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырған кездесу тәрбиелік әрі танымдық маңызға ие болды.