«Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» – ел болашағын айқындайтын маңызды ұстаным.
Білім – ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты негізі. Ал Конституция – әр азаматтың құқығы мен міндетін айқындап, әділетті әрі жауапты қоғам құрудың берік тұғыры.
Бүгін жаңа оқу жылын бастаған барша оқушыға, студентке, ұстаздар мен білім саласының қызметкерлеріне сәттілік тілейміз!
Әрбір білімді жас – еліміздің жарқын болашағы.
Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, биік мақсаттарға және үлкен жетістіктерге бастасын! 🇰🇿📖
Білімді ұрпақ – зерделі ұлттың,
Адал азамат – жауапты қоғамның негізі!