«Білім және еңбек — стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қазіргі білім беру жүйесіндегі адами капиталдың рөлі,
білім мен еңбектің қоғам дамуындағы маңызы, кәсіби дамудың өзектілігі,
сондай-ақ оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға Колледж директорының м.а Ешимов Берік Рахманбердіұлы, «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан Калмаханұлы, Шымкент қалалық маслихатының депутаты Алина Дубинина қатысушылармен өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу кәсіби даму мен заманауи білім беру үдерістерін жетілдіруге бағытталған тиімді диалог алаңы ретінде бағаланды.