Жол-көлік колледжінде 250 студенттің қатысуымен өткен бұл іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымдары, құнды деректеріне қатысты тарихи-танымдық еңбектері насихатталып, оның өмір жолы мен еңбектерінің мән-маңызы, сондай-ақ ұлттық құндылықтар, адамгершілік және тәрбие туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Іс-шара барысында «Ақниет» қоғамдық қорының тәжірибелі, білікті теологы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, рухани құндылықтар мен қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының маңызы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Ph.D., Орталық Азия инновациялық университеті, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Токжигитова Майра Ажимухамбетовна қазақ халқының тарихына, А. Байтұрсынұлы мұрасының тарихи-танымдық маңызына, жастардың тұлғалық дамуының, жауапкершілік пен сыни ойлау қабілетін қалыптастырудың, сондай-ақ оқу үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігіне тоқталды.
Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, белсенді қатысушыларға ұлы тұлғалардың еңбектері мен шығармашылық туындылары табысталды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи тұлғалардың мұрасын дәріптеу, рухани-адамгершілік тәрбиені күшейту және ұлттық құндылықтарды дамыту.
📚 Ұлт руханиятын дәріптеу – болашаққа салынған берік негіз.