Кездесудің негізгі мақсаты – Лудомания мен интернет алаяқтықтың отбасы мен қоғамға зиянын түсіндіру, алдын алу шараларын насихаттау және жастардың құқықтық-қаржылық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті ҚҚІБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Шегірбай Максат Қалыбайұлы жастарға белгісіз сілтемелерге кірмеуін, жеке деректеріңізді ешкімге бермеуін және күмәнді әрекеттер байқалса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз керектігін айтып өтті.
Сондай-ақ Жастар ресурстық орталығы КММ психологы Сайдахан Жібек Мұратқызы лудоманияның психологиялық әсері, жәбірленушіге қолдау көрсету жолдары және жастардың өз-өзін қорғау дағдылары туралы айтып өтті.