Жол-көлік колледжінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім жетістіктерін насихаттау мақсатында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Атап айтқанда, «Үздік ғылыми жоба» тақырыбында өткен колледжішілік ғылыми-практикалық конференция мен жалпы білім беретін пәндер бойынша 1 курс студенттері арасында өткен колледжішілік және қалалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қалалық олимпиадада топ жарып, жүлделі орын алған білім алушылар:
1. Химия пәнінен жүлделі І орын – Хусайн Бекболат Ғалымжанұлы
Жетекшісі: Ж.Байдилдаева
2. География пәнінен жүлделі ІІІ орын – Серік Нұрбақыт Нұрмаханұлы
Жетекшісі: Д.Чукманова
3. Информатика пәнінен жүлделі ІІІ орын – Абдикаримов Бахтиер Дилмуратович
Жетекшісі: Ш.Бабашова
Білім мен ғылым жолында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен білім алушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми ізденіс пен оқуда жоғары жетістіктер тілейміз!