Шымкент қаласы білім басқармасының

«ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ»

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

⚜️2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көрісу күнінің маңызына ерекше тоқталды.

Президент өз сөзінде:
«Ең алдымен баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймын. Қыстан аман шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Көрісу күні тек еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл – қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын дәл осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды», – деп атап өтті.

🤝 Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан тағылымды дәстүрі.
Бұл күні:
▫️ туған-туыс, ағайынмен қауышып, амандық сұрасады;
▫️ көрші-қолаңды аралап, ақжарма тілектер айтылады;
▫️ үлкендерге арнайы барып, сәлем беріп, құрмет көрсетіледі.

✨ Бұл – адамдарды жақындастыратын, бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін ерекше күн.

Көрісу күні құтты болсын! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын! 🌱

Предыдущая запись
Следующая запись

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

About Company

Breakfast procuring nay end happiness allowance assurance frankness. Met simplicity nor difficulty unreserved allowance assurance who.

Most Recent Posts

Category

Tags

    Жол-көлік колледжі

    Байланыс

    Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

    Электронды почта: transkol@mail.ru