Президент өз сөзінде:
«Ең алдымен баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймын. Қыстан аман шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Көрісу күні тек еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл – қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын дәл осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды», – деп атап өтті.
🤝 Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан тағылымды дәстүрі.
Бұл күні:
▫️ туған-туыс, ағайынмен қауышып, амандық сұрасады;
▫️ көрші-қолаңды аралап, ақжарма тілектер айтылады;
▫️ үлкендерге арнайы барып, сәлем беріп, құрмет көрсетіледі.
✨ Бұл – адамдарды жақындастыратын, бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін ерекше күн.
Көрісу күні құтты болсын! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын! 🌱