8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жол көлік көлік колледжінде ерекше мерекелік құттықтау ұйымдастырылды. Колледждің ер азаматтары білім ордасында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен нәзік жанды қызметкерлерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
💐 Мерекелік шара барысында аруларға жылы лебіздер айтылып, ізгі тілектер білдірілді. Сонымен қатар, гүл шоқтары табысталып, ерекше құрмет көрсетілді. Бұл игі шараның басты мақсаты – колледж ұжымындағы әйел азаматтардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Осындай игі дәстүр ұжымдағы сыйластық пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз. 🌷