Қыркүйек – Кибермәдениет айы. Осыған орай Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру шарасы Жол-көлік колледжінде өтті.
Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Кездесу барысында Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Қырғызбаев Ернұр және Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Бекбаев Бахытжан Турсунбаевич киберқауіпсіздік, интернет алаяқтығынан сақтану және жеке деректерді қорғау жолдары туралы түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берілді.