Іс-шараны ІІО ардагері, запастағы полковник Жұмашев Марат Ниязович жүргізді.
Сабақ барысында білім алушыларға балалардың негізгі құқықтары, олардың қоғамдағы орны мен маңызы, сондай-ақ өз міндеттерін дұрыс түсіну қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушыларға құқықтық нормаларды сақтау, өз құқықтарын қорғау және заң талаптарын орындау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жауапкершілік сезімін арттыру.