«Жол-көлік колледжі» МКҚК жанындағы «Көлік қызметі» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Көлік қызметі» бағыты бойынша өткізілетін «Жол шеберлері – 2026» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқау барысында білім алушылар жол белгілерін тану, сұрақтарға жауап беру, ситуациялық тапсырмаларды шешу, көлік саласына қатысты құжаттарды (жол жүру парағы) толтыру, жол қозғалысы ережелері бойынша тест тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін көрсетті. Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби шеберлігін жан-жақты бағалау болды. Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталды.