Аккредитациялау комиссиясының бағалаушы тобы жұмыс кестесіне сәйкес колледж туралы жалпы ақпаратпен, кадрлық әлеуетімен, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар оқу және өндірістік тәжірибелік сабақтарға қатысып, әкімшілік қызметкерлермен және арнайы пән оқытушыларымен сұхбат жүргізді. Нәтижесінде білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігі жан-жақты талқыланып, аккредитациялау жұмыстарының бірінші күні қорытындыланды.
Халықаралық аккредитациялау үдерісі алдағы күндері өз жалғасын табады.