Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы аясында “Жол көлік” колледжінің студенттеріне ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі заттарының зияны туралы түсінікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың қауіп-қатерлерге қарсы иммунитетін қалыптастыру.
Кездесуге жоба координаторы, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы С. Байзахова және психолог С. Нұрлыбаева қатысып, оқушыларға арнайы лекция өткізді.
Іс-шара барысында есірткі заттарының адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу, өз ортасын дұрыс таңдау және қиын жағдайларда дер кезінде көмекке жүгіну мәселелері қозғалды.
Психолог тарапынан студенттерге түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, жағымсыз ұсыныстарға «жоқ» деп айта білу және өз өміріне жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы кеңестер берілді