Шымкент қаласы білім басқармасының

«ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ»

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

ЖАСТАР АРАСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

Отбасы күніне орай «Қазақстан Республикасы Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру мақсатында «Отбасы – бақыттың бастауы» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның алғы сөзінде Жол-көлік колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айғаным Ахансеріқызы Мамырханова, «Қазақстан Республикасы Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрайымы Баян Айтбекқызы Жандосова, «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов сөз сөйледі.

Спикерлер отбасы құндылықтарының жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, отбасыдағы өзара сыйластық, жауапкершілік пен қолдаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараға үлес қосқан қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Кездесу барысында ата-анаға құрмет, өзара түсіністік пен сыйластық тақырыптары қозғалып, жастарға тағылымды ойлар айтылды.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттерінің отбасы құндылықтарын дәріптейтін «АНА» спектаклі ұсынылды. Қойылым арқылы анаға деген құрмет пен перзенттік парыздың маңызы әсерлі жеткізілді.

Іс-шара барысында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының жеңімпазы Ақмарал Құдайберген отбасылық құндылықтар мен берекелі шаңырақтың маңызы туралы өз ойымен бөлісті.

Предыдущая запись
Следующая запись

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

About Company

Breakfast procuring nay end happiness allowance assurance frankness. Met simplicity nor difficulty unreserved allowance assurance who.

Most Recent Posts

Category

Tags

    Жол-көлік колледжі

    Байланыс

    Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

    Электронды почта: transkol@mail.ru