колледжде «Жас ұрпақ тәрбиесі – ортақ міндет» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында білім алушылардың оқу үлгерімі, колледждің ішкі тәртіп ережелері және тәрбие жұмысының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, білім алушылар арасында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында отбасындағы өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту, отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Білім алушылардың тәртібі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында есірткі тасымалының алдын алу, түнгі уақытта себепсіз жүрмеу талаптары, сондай-ақ әскери оқу дала жиындарының маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім алушылардың дұрыс тамақтануы, салауатты өмір салтын ұстануы және спорттық үйірмелерге белсенді қатысуының маңызы атап өтілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бағытында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында «Dosболайық» жобасы мен «iDos» тикток платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, олардың білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, психологиялық қолдау көрсетуге және түрлі мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуге ықпал ететіні атап өтілді.