Халықаралық аккредиттеу рәсімінің қорытынды күні колледждің білім беру сапасы, кәсіби әлеуеті және оқу үдерісінің халықаралық талаптарға толық сәйкестігі дәлелденіп, комиссия мүшелері Оңтүстік Корея Республикасының ABEEK аккредитациялау ұйымы атынан «Жол-көлік колледжіне» халықаралық аккредитациядан сәтті өткенін айғақтайтын сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Бұл маңызды жетістік – ұжымның табанды еңбегінің, жауапкершілік пен жаңашылдыққа ұмтылыстың нәтижесі. Алдағы кезеңде колледжіміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, халықаралық серіктестік аясындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.