Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ғылымға қызығушылығын арттыруды елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің берік негізі деп санайды. Ғылым мен білімге инвестиция салу, жас ғалымдарды қолдау және инновациялық идеяларды ынталандыру – мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі.
Осы маңызды ұстанымды басшылыққа ала отырып, колледжімізде студенттер арасында «Үздік ғылыми жоба» атты колледжішілік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Шара барысында жастар өз мамандықтарын жан-жақты зерттеп, ғылыми тұрғыда негізделген тың идеяларымен бөлісті.
Студенттердің ізденісі мен креативті көзқарасы жан-жақты сараланып, қызу талқыланды. Бұл конференция жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дамуына серпін берді.