Утемалиев Садият Самедуллаевич
Утемалиев Садият Самедуллаевич 1993 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің М.Әуезов атындағы пединститутында «сызу, бейнелеу өнері және еңбек» мамандығы бойынша бітірген. Колледжде 2004 жылы қыркүйек айынан бастап, Сызу пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Жалпы педагогикалық өтілі 26 жыл. Садият Самедуллаевич оқытушылық қызмет атқару кезінде, оқытушы өзін кәсіби шеберлігін ұштаған, үздіксіз ізденістегі педагогтік ұстанымы айқындалған, оқу үрдісіне жаңа оқыту технологияларын ұтымды ендіру жолдарына аса көңіл бөлетін оқытушы, білім сапасының тұрақты көрсеткішін береді. Жұмысқа деген шығармашыл көзқарасы, мұғалім әлеуетін үздіксіз көтеруге бағытталған әрекеті шәкірттері бойында сызу пәніне қызығушылығын арттырады. Инновациялық технологияларды енгізе отырып, сабақ берудің түрлері мен әдіс-тәсілдерін қолданып отырады.
Садият Самедуллаевич сызу пәнін оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаз. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным – мұғалімге тән қасиеттер. Садият Самедуллаевичтің сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауымен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып, басты істерге асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етеді.
Садият Самедуллаевич колледжде өзінің білімді де білікті ұстаз екенін көрсете білді, көптеген қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсене араласты.
Садият Самедуллаевич үнемі педагогикалық еңбек жолында жақсы нәтижелерге жетуді мақсат етіп, колледжішілік ұйымдастырылған іс-шараларға Сызу пәнінің оқытушысы ретінде белсене қатысып сондай-ақ, тәжірибе алмасу және жас оқытушыларға үлгі болу мақсаттарында инновациялық технология әдістерін қолданып, ашық сабақтар, семинарлар өткізіп отырды.
Педагогикалық шеберлігін жетілдіру барысында Садият Самедуллаевич бірнеше әдістемелік жұмыстар мен баяндамалар жазды. Сонымен қатар, БАҚ беттерінде бірнеше ғылыми – шығармашылық мақалаларын жариялады.
Садият Самедуллаевич соңғы жылдағы педагогикалық еңбек жолындағы қол жеткізген жетістіктері:
Садият Самедуллаевич білімді де білікті, тәжірибелі оқытушы және жақсы ұйымдастырушы, іскер маман. Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Кез келген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
Жетістіктері мен марапаттары:
- 2018ж. Алғыс хат. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ. 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне орай, жана қоғамға лайық бәсекеге қабілетті, кәсіптік техникалык білім беру және кәсіби мамандар даярлау ісінде белсенділік танытып, өскелең ұрпақты рухани қалыптастыруда қосқан үлесі үшін марапатталады.
- 2018ж. Сертификат. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында еткізілген «WorldSkills Kazakhstan-2018»өңіраралық чемпионатына қатысқаны үшін Бас сарапшы Утемалиев Садият Самедуллаевичке беріледі.
- 2018ж. Алғыс хат. Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті 2018 жылдын 25-30 сәуір аралыгында өткен «WORLDSKILLS ONTUSTIK» Өңіраралык чемпионатын ұйымдастыруга белсенді үлес косканы үшін БАС САРАПШЫ Утемалиев Садият Самедуллаевичке АЛҒЫС жариялайды.
- 2019ж. Төс белгі. «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» белгісімен марапатталады. Куәлік №1375.
- 2019ж. СЕРТИФИКАТ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатына қатысқандығын растайды.
- 2019ж. Алғыс. «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы. Сізге, білім беру саласында өлшеусіз үлес қосып, қызметтегі жемісті де адал енбегінізге, қол жеткізген табыстарыңыз бен жоғары жетістіктеріңіз үшін және еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі айрықша енбегініз үшін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы атынан шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіремін.
- 2019ж. Төс белгі. «Елеулі еңбегі үшін» Республикалық Ұстаз жолы қоғамдық қорының шешімі. Куәлік №0251.
- 2019ж. Төс белгі. «Жол-көлік колледжінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады. Куәлік №044.
- 2020ж. Сертификат. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы. 2020 жылдын 26-29 қазан аралығында өткен«WORLDSKILLS SHYMKENT- 2020» аймақтық кәсіптік шеберлік Чемпионатына Утемалиев Садият Самедуллаевич «Инженерлік графика CAD » құзыреттілігі бойынша қатысқандығын растайды.
- 2020ж. Алғыс хат. Шымкент каласы маслихатының хатшысы. Сізге егемен еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге қосқан ерең еңбегініз үшін Шымкент қаласы мәслихатының атынан алғысымды білдіремін.
- 2021ж. Диплом. ІІІ дәрежелі. Смарт Қашықтық Олимпиадасы «Smart Педагог» бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасы жеңімпазы.
- 2021ж. Құрмет грамотасы. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Қазақстан ұстазы» Оқушыларды оқутуда талмай еңбек етіп, біліммен сусындатып, оқушылардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, білікті ұстаз ретінде аянбай қажырлы еңбек етіп, білімге құштар, жаны жайсаң нағыз патриот тәрбелегені үшін марапатталады
- 2022ж. Құрмет грамотасы. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, жаңа қоғамға лайықты, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісінде шеберлік танытып, сапалы біліммен қатар ұлттық рухта отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу ісінде жеткен жетістігі үшін марапатталады.
- 2024ж. Сертификат. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы. 2024 жылдын 23-27 қыркүйек аралығында өткен«WORLDSKILLS SHYMKENT- 2020» аймақтық кәсіптік шеберлік Чемпионатына Утемалиев Садият Самедуллаевич «Инженерлік графика CAD » құзыреттілігі бойынша қатысқандығын растайды.



