Сырымбетов Руслан Максутович

Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжі» МКҚК арнайы пән оқытушысы. Педагог -сапаршы.

Қанатты сөзі: Өмір бір ақ рет беріледі, оны жемісті сүру керек.

1975 жыл 1 шілде, Түркістан қаласында туылған.

Білімі: жоғары. Педагог-сарапшы.

Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 20 жыл

Сырымбетов Руслан Максутович  2000 ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  механикалық құрылыс факультетінің, «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығының  «инженер-механик» біліктілігі бойынша  бітірген.

Колледжде 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап «Автокөлік құралдарын диагностикалаудың техникалық құралдары», «Автокөліктерді жөндеу», «Автокөліктерді диагностикалау құралдары мен технологиялары» пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Жалпы педагогикалық өтілі  13 жыл. Сырымбетов Руслан оқытушылық қызмет атқару кезінде, инновациялық технологияларды енгізе отырып,  сабақ берудің түрлері мен әдіс-тәсілдерін  қолданып отырады.

Сырымбетов Руслан колледжде өзінің білімді де білікті ұстаз екенін көрсете білді, көптеген қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсене араласып отырады.

         Сырымбетов Руслан үнемі педагогикалық еңбек жолында жақсы нәтижелерге жетуді мақсат етіп,  колледжішілік ұйымдастырылған               іс-шараларға  «Автокөліктерді жөндеу», «Автокөліктерді диагностикалау құралдары мен технологиялары»  пәндерінің  оқытушысы ретінде белсене қатысып, сондай-ақ тәжірибе алмасу және жас оқытушыларға  үлгі болу мақсаттарында инновациялық технология әдістерін қолданып,  ашық сабақтар,  семинарлар, кездесулер, машықтану сабақтарын өткізіп отырады.

Педагогикалық шеберлігін  жетілдіру  барысында  Сырымбетов Руслан бірнеше әдістемелік жұмыстар мен баяндамалар жазды.

Сырымбетов Руслан педагогикалық еңбек жолындағы  қол жеткізген жетістіктері:

  • 2015ж. «Алғыс хат». ШКК және ЖТК
  • 2016 ж. Сертификат. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығы АҚ. 2016 жылдың 17-29 қазаны аралығында «Дуальді оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін уйымдастыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының арнайы пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарында оқудан өткендігін растайды.
  • 2018ж. «Алғыс хат». ДТК
  • 2018 жылғы 28 сәуір. Сертификат. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдастырының студенттері арасында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan – 2018» өңіраралық чемпионатына қатысқаны үшін сарапшы Сырымбетов Руслан Максутовичке беріледі
  • 2018ж. Құрмет грамотасы. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін
  • 2018ж. Сертификат біліктілікті арттыру туралы 2018 жылдың 18-21 қазан аралығында «WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспетілері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өткендігін растайды.

Қазіргі кезде «WorldSkills» чемпионаты бойынша техникалық сарапшы болып есептелінеді.

Жол-көлік колледжі

Байланыс

Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

Телефон: +7(7252) 92 10 66 , +7(7252) 92 10 67

Электронды почта: transkol@mail.ru