Саханова Гульжан Агабековна

         Саханова Гульжан Агабековна1968 жылдың наурыз айының 8 жұлдызында, Оңтүстік  Қазақстан облысы,  Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінде дүниеге келген. 1987 жылы Шымкент қаласындағы  «М.Әуезов атындағы Шымкент Педагогикалық Институтына» түсіп, 1992 жылы физика, информатика және есептеу техникасының мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

       Алғашқы еңбек жолын Отырар ауданында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептен 1992-1998 жылдар аралығында мұғалім, 1998 жылы Шымкент қаласындағы  №26 Жамбыл атындағы  лингвистикалық мектеп-гимназиясында мұғалім,  2005 -2009 жылдар аралығында «Фемида», «Жалын колледжінде» оқытушы, Жол-көлік колледжінде 2009 жылдан бері қыркүйек айынан бастап физика, информатика және есептеу техникасы пәні оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Ол оқытушылық қызмет атқару барысында инновациялық технологияларды қолданып,  сабақ берудің түрлері мен әдістерін енгізіп, педагогикалық ұйымдастырушы қабілеттерімен көрініп келеді. 

           Саханова Гульжан шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде  аянбай еңбек етіп, күш жігерін білім саласын дамытуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмсап, үйірме жұмыстарының жандануына үлесін қосып, педагогикалық біліктілік қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білген жанашыр ұстаз.  Қазақстанның болашағы жастарға білім беруде әрдайым заманауи жаңа технологияларды сабақ үрдісіне енгізеді. Өскелең ұрпақ, ұлт болашағы  жастардың  мамандықтарын кәсіби деңгейде меңгеруіне өз үлесін қосуда және еңбегі еленіп, көптеген марапаттар иесі:

  • Алғыс хат. Шымкент қаласы әкімдігі.. Шымкент қ. 2014 ж.
  • Құрмет грамотасы ОҚО Білім басқармасы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше еңбегі үшін. Шымкент қ. 2016 ж.
  • Құрмет грамотасы. Республикалық. Астана қ. 2016ж.
  • Мадақтама. Республикалық. Шығармашылық ізденісі, инновациялық идеясы мен кәсіби шеберлігі үшін. Алматы қаласы. 2017ж.
  • Алғыс хат. Халықаралық «Әуезов оқулары-15; Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жаңа концепциялар және заманауи шешімдер» атты ғылыми –тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін. Шымкент қ. 2017 ж.
  • Алғыс хат. Халықаралық «Инфоурок» жобасы Ресей Федерациясы. 2017 ж.
  • Төсбелгі. «Облыстық Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер». Шымкент қ. 2018 ж.
  • Төсбелгі «Білім беру саласының үздігі». Алматы қ. 2018ж.
  • Алғыс хат. «Жастар ресурстық орталығы». Шымкент қаласы. 2018 ж.
  • Алғыс хат. Шымкент қаласы. «Жастар ресурстық орталығы». 2018 ж.
  • Алғыс хат – Халықаралық «Инфоурок» жобасы. Ресей Федерациясы.2018 ж.
  • Алғыс хат. Шымкент қаласының Білім Басқармасы. Шымкент қаласы. 2019 ж.
  • Сертификат. Ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы «Әбу-Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына» орай ұйымдастырылған Өңірлік студенттік ғылыми-практикалық конференция. Шымкент қ. 2020ж.
  • Алғыс хат. Республикалық. «NurBILIM ғылыми-әдістемелік орталығы».Алматы. 2021ж.
  • Алғыс хат. Республикалық. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы. Алматы қаласы. 18 мамыр. 2022ж.
  • Диплом ІІ дәрежелі. Республикалық. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған физика пәнінен ұстаздар арасында онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы Алматы қаласы. 2022ж.
  • Алғыс хат. Халықаралық PIZA-2022 білім алушылардың жетістігін бағалау зерттеуінің негізгі кезеңін өткізуге белсене атсалысқаны үшін. Шымкент қ. Жол-көлік колледжі. 2022ж.
  • Алғыс хат. Республикалық. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы. Алматы қаласы. 25 мамыр. 2022ж.
  • Сертификат. «Бақытты отбасы-Отбасы- Бақытты жан» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Шымкент қ. 2022 ж.  
  • Сертификат. «Бақытты отбасы-Отбасы- Бақытты жан» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Шымкент қ. 2022 ж.
  • Алғыс хат. Шымкент қаласы. «Салауатты ұрпақ» жобасы аясында өткен үстел теннисіне белсене қатысқаны үшін. «Жастар ресурстық орталығы». 2023 ж.
  • Алғыс хат. Халықаралық ғылыми конференция «ХХІІІ Сәтбаев оқулары». Павлодар қ. 2023 ж.
  • Алғыс хат. Республикалық форум. «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жаңа Қазақстан жастар саясатының үздігі». Астана қ. 2023ж.
  • Сертификат Международная. VIII Международная научно- практическая конференция «Студент –Наука – Техника». Федерация Россия. г. Саратов. 2023 г.
  • Сертификат. Международная. ІII  Всероссийская научно- практическая конференция «Демонстрационный экзамен как инструмент независимой оценки  качества профессионального образования». Федерация Россия. г. Сызрань. 2023г.
  • Қазақстан Республикасы ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ АЛҒЫСЫ. Ұстаздар мерекесіне орай. Астана қаласы. 2023ж.
  • Алғыс хат. Республикалық..Ақтөбе қаласы. 2023ж.
  • Алғыс хат. «Нұрбілім» олимпиадасы. Алматы қаласы. 2023-2024ж.
  • Мадақтама. «Жарқын болашақ» олимпиадасы. Алматы қаласы. 2023-2024ж.
  • Құрмет грамотасы. «Нұрбілім» олимпиадасы. Алматы қаласы. 2023-2024ж.
  • Алғыс хат. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай. Шымкент қаласы. 2024ж.
  • Құрмет грамотасы. «Қазақстан ұстазы» журналы. Алматы қаласы. 2024ж.
  • Төсбелгі. Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері» . Астана қаласы. 2024 ж.
  • Диплом І дәрежелі.. Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері» . Астана қаласы. 2024ж.
  • Сертификат. Международная. V Всероссийская научно- практическая конференция «Демонстрационный экзамен как инструмент независимой оценки  качества профессионального образования». Федерация Россия. г. Сызрань. 2025г.
  • Благодарственное письмо.Халықаралық. Ресей Федерациясы. Саратов қ. 2025ж

Гульжан Агабековна білім алушылармен үйірме жұмыстарын жандандыра отырып, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында өткен Халықаралық ғылыми жобалардың қатысушысы, сонымен қатар шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген үздік топ жетекші, өз ісінің маманы.

Жол-көлік колледжі

Байланыс

Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

Телефон: +7(7252) 92 10 66 , +7(7252) 92 10 67

Электронды почта: transkol@mail.ru