Рыстанбекова Жансулу Миркаевна

       Жол-көлік колледжі Қоғамдық-гуманитарлық және дене, әскери патриоттық тәрбиелеу циклдік (пәндік) комиссиясының қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің оқытушысы.

         Рыстанбекова Жансұлу Миркақызы 1966 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласында туылған.

          Жалпы педагогикалық өтілі 40 жыл.  

           Білімі – жоғары. 1989 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Тарих және заң» факультетін бітірген.   

          Рыстанбекова Жансұлу Миркаевна институтты бітірген соң 1989-1991 ж.ж. аралығында Сарыағаш ауданындағы ауданаралық автокомбинатта кадрлар бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. 1991-1993 ж.ж. аралығында Шымкент қаласындағы көркемсурет колледжінде мұғалім болды. 1992 жылдың желтоқсан айынан бастап  бұрынғы шымкент автомеханикалық техникумында, қазіргі Жол-көлік колледжінде қоғамдық пән бірлестігінің жоғарғы санатты оқытушысы.     

Рыстанбекова Ж.М. сабағын әрдайым қызықты да сапалы өткізетін ұстаз, іскер ұйымдастырушы, әріптестерінің арасында беделді болып қалыптасты. Колледжде гуманитарлық және қоғамдық пәндері оқытушысы, жоғары санатты оқытушы.

Оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарды ұтымды да іскерлікпен ұйымдастыру қабілетіне орай, Рыстанбекова Ж.М. 2003-2008 ж.ж. аралығында топ жетекшілер бірлестігінің төрайымы және 2010-2011 ж.ж. әлеуметтік педагог қызметін атқарды.

Рыстанбекова Ж.М. оқу-тәрбие – ұйымдастырушылық жұмыстарымен қатар оқу-әдістемелік баяндамалар мен жұмыстар жазуда жақсы нәтижелерге жетті. Оның «тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі», «Бағзыдан бастау алған мәңгілік ел», «қазақстан тарихы», «Ұлттық сана және оның тәрбиелік мәні» тақырыптарында оқу-әдістемелік баяндамалары мен еңбектерін жас оқытушылар өз сабақтарында пайдалануда.

Колледжде жыл сайын өткізілетін оқу-әдістемелік конференциялардың ұйымдастырушысы, қалалық, облыстық басылым беттерінде жастарға оқу-тәрбие беру ерекшеліктері туралы мақалалардың авторы.

2015 жылы Рыстанбекова Ж.М.Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің «Алғыс хатымен», «Білім шыңы» төсбелгісімен, Шымкент қалалық мәслихаттың «Алғыс хатымен», облыстық кәсіподақ кеңесінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

             Рыстанбекова Жансұлу Миркақызы Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне 1992 жылы желтоқсан айында оқытушы қызметіне қабылданып, оқу топтарына қоғамдық пәндерден сабақ өтуде. Өзінің ізденуінің арқасында сабақты көрнекі құралдармен, қосымша әдебиеттерді, материалдарды пайдалана отырып, ұлттың ұлттығын, елдің елдігін сақтайтын жастарды рухани қалыптастыруда Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуда үлкен үлес қосуда. 1994 жылдан №208 «Қазақстан тарихы» кабинетінің меңгерушісі. Күрделі жөндеуден өткізіп, кабинетті заман талабына сай көркемдеп, 2005-2006 оқу жылында ең жақсы кабинет аталынып, бұйрық негізінде қаржылай сыйақымен марапатталды. Жансұлу Миркақызы қалалық, облыстық көлемінде орта арнаулы оқу орындары арасында «Сен өз тарихыңды білесің бе?» мамыражай бейбітшілікке бөленген барлық ұлт өкілдерінің бірлігі туралы, «Наурыз» мерекесі, конференция, дөңгелек үстел өткізді. Ол өз жұмысына жауапкершілікпен қарай отырып, студенттерден де талап етеді.

           «Ту көтерер әділдіктің тірегі» атты ҚР Конституциясы туралы «Болашақ» газетіне (№33 қыркүйек 2005 ж.) «Жаныңда жүр жақсы адам» атты «Мектеп» журналына өмірдерек жазса, 2006 жылы «Жастарға құқықтық тәрбие беру мәселелері» туралы Халықаралық конференцияда «Ел болашағы жастардың қолында» атты баяндама жасап, еңбегі кітапша болып басылды.

           Колледжде өтіліп жатқан мерекелік жиындарда баяндама жасап жүр.                                    ҚР Президентінің еңбектерін өз сабақтарында пайдалана отырып, оқушыларды дәрістің тереңдігімен қызықтыра отырып, өзіндік жұмыстарын жасатуда.  

          «Ұлттық сана және оның тәрбиелік мәні» тақырыбында облыстық конференцияға еңбегін жіберді.

          2004 жылдан бастап топ жетекшілер бірлестігінің төрайымы қызметін атқаруда. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, адамгершілігі жан-жақты мәдениетті оқушыларды тәрбиелеуде, топ жетекшілерге әдістемелік нұсқаулар үйретуде. Оқу жылы барысында «Тәрбие басы – тал бесік» атты апталық өткізіп, музей, қоғамдық орындармен байланыс, экскурсия жасау т.б. істер атқарылды. Колледждегі «Озат топ» рейтингісін ұйымдастыруда үлесі мол.

Оқу-тәрбие жұмыстарындағы табысты еңбектері үшін ынталандыру құрмет грамоталарымен, сыйақылармен марапатталды.

1.Алғыс хаттар:  

  • ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы».
  • Құрмет грамотасы.«Білім шыңы-Ғылым сыры» педагоктар мен оқушылрға арналған Республикалық журнал;
  • Құрмет грамотасы. ОҚ облысының Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі;
  • Алғыс хат.Шымкент қаласының білім басқармасы;
  • Алғыс хат. Жол көлік колледжі.
  • Алғыс хат. Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің аппараты;
  • Құрмет грамотасы. «Өрлеу» БҒТ порталы.
  • Құрмет грамотасы. Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы.
  • Алғыс хат. ҚР Білім және Ғылым министрлігі.
  1. Жетістіктер:
  • III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. «Үздік дәріс». М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. «Заманауи білім беру: сын-қатерлер,трендтер мен стратегиялар». Жаңашыл педагогтардың II- ші Халықаралық форумы.
  • I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ «PLANET SKILIS» халықаралық ағартушылық жобасы.«Қашықтан оқытудың үздік педагогі»;
  • I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. Халықаралық Өрлеу өркендеу ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен білім саласының үздік қызметкерлері арасында өткізілген байқауы.
  • I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. Жарқын республикалық өркендеу ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы ұйымдастырған байқау.
  • I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. Жарқын республикалық өркендеу ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы ұйымдастырған «Парасатты педагог» байқауы.
  • I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ. Халықаралық «Өрлеу өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен білім саласының үздік қызметкерлері арасында өткізілген «Үздік педагог» байқауы.
  • I-орын Диплом. Халықаралық «Өрлеу өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Жаңашыл ұстаз» байқауы.
  • Сертификат. Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы. «Қазақстан республикасы құқықтық мемлекет» атты әдістемелік құралын баспадан шығарғаны үшін.
  • Сертификат.Республикалық ғылыми- педагогикалық, әдістемелік «Didaktika» журналы.
  1. Педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, тарату, пайдалану:
  • Электронды оқулық.«Құқық негіздері» пәні бойынша;
  • Электронды слайдтар жинағы.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша;
  • Мақала.«Зияткер»Педагогикалық,тәлім-тәрбие,әдістемелік газеті, «Құқықтық тәрбие беру әдістері»;
  • ақпан.Мақала. «Зияткер» Педагогикалық, тәлім-тәрбие,әдістемелік газеті, «Асыл жар, ардақты ана,бақытты ұстаз»;
  • Мақала.«Зияткер» Педагогикалық, тәлім-тәрбие, әдістемелік газеті, «Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі»;
  • «Болашақ»Педагогикалық,әдістемелік,танымдық,тәрбиелік газеті. «Заңның үстемдігі сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізі»;
  • «Тарихи өлкетану» пәні бойынша тарих мамандығының студенттеріне арналған Оқу құралы.
  • «Мемлекет және құқық теориясы» студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы.
  • «Болашақ» Педагогикалық,әдістемелік,танымдық,тәрбиелік газеті. «Бүгінгі бүлдіршін-ертеңгі ел қорғаны».
  • «Білім шыңы-ғылым сыры» Республикалық ғылыми-әдістемелік танымдық, мәдени-рухани журналы. «Мультимедийные информационные технологии- как средство повышения эффективности обучения».
  • «Қазақстан республикасы құқықтық мемлекет» атты әдістемелік құралы.
  • «Білім шыңы-ғылым сыры» Республикалық ғылыми-әдістемелік танымдық, мәдени-рухани журналы. «Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі».
  • «ҚР заңы, ҚР Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы» – Әдістемелік құрал.
  • «Қазақстан тарихы» – электронды оқулық.

Жол-көлік колледжі

Байланыс

Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

Телефон: +7(7252) 92 10 66 , +7(7252) 92 10 67

Электронды почта: transkol@mail.ru