Омарова Аксауле Мизанбековна
Күндізгі бөлім меңгерушісі.
Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институты “Ұлт мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет” мамандығы бойынша 1996 ж бітірген.
Еңбек жолын 1995-1997 жылдары «Майбұлақ» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1997 -жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде (бұрынғы Шымкент автомеханикалық техникумында, Шымкент агротехникалық колледжі) қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген.
Жол-көлік колледжінде 2010 жылдан бастап күндізгі оқу бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2024- жылы Педагог -сарапшы біліктілік санаты бойынша расталған.
Жетістіктері:
2007- жылы ОҚО тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған байқауда «Қазақ тілін оқытудың» авторлық бағдарламасын жасап, ОҚО «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» І орын дипломмен марапатталған. 2009- жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Өрлеу» институтының «Құрмет» грамотасымен,
2011 -жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс» хатымен, 2011- жылы «Заң аясында жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарғаны үшін» ОҚО «Нұр Отан» ХДП-ның «Алғыс» хатымен,
2011- жылы ОҚО Білім басқармасының ҚР Егемендігінің 20 жылдығына орай «Құрмет» грамотасымен,
2013- жылы ОҚО Шымкент қалалық маслихатының «Сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі үздіксіз еңбегі үшін»және «Алғыс» хатымен.
2014- жылы ОҚО Білім басқармасының «8-наурыз мерекесіне орай», «Алғыс» хатымен марапатталған.
2017-жылы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері «Төс белгісі»,
2018-жылы Шымкент қаласы білім басқармасының “Алғыс Хаты”,
2018-жылы “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері Төс белгісі”,
2021-жылы Жол-көлік колледжінің Құрметті қызметкері «Төс белгісі»,
2022-жылы Шымкент қаласы “Аманат партиясының Алғыс хаты.”
2024-жылы «Республика педагогтердің әдістеме мен өнер білім орталығынан» Алғыс хат пен диплом.
2024-жылы ҚР «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығынан «Білім беру ісінің үздік педагогі орденімен марапатталған.




