ТЕРЕҢ БІЛІМ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ
Жолдыбаев Анри Тлегенұлы1939 жылы 19 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Балықшы ауылында педагогтар жанұясында дүниеге келген. Ванновка селосында (қазіргі Т.Рыскұлов  ауылы) орта мектепті бітіргеннен кейін 1956-1961 жылдары Ташкент қаласында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институттында  физика-математикафакультетінің «Математика және сызу» мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Анри Тлегенұлы жұбайы Сулейменова Мария екеуі, 2- ұл және  1-қыз тәрбиелеп, өсірді.
Жолдыбаев Анри Тлегенұлы 25 ақпан 2002 жылы дүниеден өтті.
Еңбек жолы
Анри Тлегенұлы еңбек жолын 1961 жылы тамыз айында Самарканд облысындағы Жызақ ауданынын №43 орта мектебінде математика пәнінің  оқытушысы қызметін бастаған.
-1962 жылдан 1964 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облысы Түлкібас ауданында №2 Абай атындағы орта мектепте математика пәнінің оқытушысы;
-1964 жылы тамызда Ванновка селосында (қазіргі Т.Рысқұлов ауылы) Гидромилиоративтік техникумына математика және сызу пәнінің оқытушысы болып қызметін ауыстырады;
 -1969 жылы қырқыйүек айында Шымкент қаласына гидромелиоративтік құрылыс техникумына қызметке ауысады;
-1970 жылы қараша айынан  1975 жылдың қыркүйек айына дейін аталмыш техникумның гидромелиорация бөлімінің меңгерушісі;
– 1982  жылдың тамыз айына дейін гидромелиоративтік құрылыс техникумынаоқу-өндіріс жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
– 1982 жылы тамыз айы және 1988 жыл желтоқсан айының  аралығында Шымкент қаласының Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде директор  қызметін;
-1988 жылы желтоқсан айында Шымкент автомеханикалық техникум (қазіргі Жол-көлік  колледжі)  директоры;
 -1997 жылғы шілде айының 1-жұлдызынан бастап Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары болып қызметтерін  атқарған.
Марапаттары
 – 1956 ж. студент кезінде үкімет тарапынан «Еңбек үздігі» медалі;
– 1958 ж.«Тың жерді игергені үшін» медалі;
– 1987ж. «Еңбек ардагері» медалі;
– Шымкент облысының құрылғанына 60-жыл толуына орай, Облыстық Мерекелік мақтау қағазы;
– Шымкент қаласы маслихатының депутаты болған.

Жол-көлік колледжі

Байланыс

Мекен жай: Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 53

Телефон: +7(7252) 92 10 66 , +7(7252) 92 10 67

Электронды почта: transkol@mail.ru